Ортағасырлық Сарайшық – Қазақ елінің астанасы
"Сарайшық" мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы" РМҚК
Виртуалды тур

“Музейге сый” акциясы жалғасуда

“Сарайшық” мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының қоры “Музейге сый” акциясы бойынша табысталған этнографиялық жәдігерлермен толуда. Ауылымыздың тұрғыны Жаңғұтова Ләззат әкесі Жаңғұтов Рамазанның шаңырағында ұзақ жылдар бойы сақталған, Бектерекұлы Мақтымқұл шебердің қолынан шыққан кебежені, атасы Өтеәліұлы Шаймарданның өзіне және жұбайы Әсима Есжанқызына арнайы жасаған жастық ағашы мен алаша тоқитын өрмек ағаш құралдары: өрмек ағашы, үш тағанды мосы, қылышы және адырғысын сыйға тартты. Құнды жәдігерлерді музейге тапсырған Ләззат Жаңғұтоваға алғыс білдіре отырып, олардың музей бұрышынан өз орнын тауып, көрермендеріміздің көз қызығына айналатынына сенім білдіреміз.

Жұмыс кестесі

Дүйсенбі/Жексенбі: 09:00-18:30

Түскі үзіліссіз/демалыссыз

Кері байланыс

Тел/факс: +7 702 059 7858

E-mail: museumsaraishik@mail.ru