Ортағасырлық Сарайшық – Қазақ елінің астанасы
"Сарайшық" мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы" РМҚК
Виртуалды тур

Сарайшықта көрме ұйымдастырылды

9 қазан - Дүниежүзілік пошта күні (World Post Day) — Біріккен Ұлттар Ұйымы жүйесінде атап өтілетін Халықаралық күндердің бірі. Дүниежүзілік пошта күні 1969 жылы Токиода өткен Дүниежүзілік пошта одағының Конгресінде жарияланды. 9 қазаннан бастап бүкіл әлемде Халықаралық хат апталығы өтеді. Осыған орай, «Сарайшық» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы «Ұмытылған романтика» атты көрмесін ұсынады. Пошта байланысы арқылы алыс-жақыннан келген хаттар, жедел хаттар, ашық хаттар, сонымен қатар тойға шақырулар өткен күндер естелігі. Алыстағы жақындарымыздан асыға күтетін хаттар қазіргі таңда музей жәдігері болып тұр. Хат алысып тұрудың өзі бір романтика болатын.
Көрме 16 қазанға дейін жалғасады.
 
Жұмыс кестесі

Дүйсенбі/Жексенбі: 09:00-18:30

Түскі үзіліссіз/демалыссыз

Кері байланыс

Тел/факс: +7 702 059 7858

E-mail: museumsaraishik@mail.ru