Ортағасырлық Сарайшық – Қазақ елінің астанасы
"Сарайшық" мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы" РМҚК

“КСРО-дағы қуғын-сүргін: Прорва және Астрахань лагерлері (1932-1950 жж.)”

Бүгін, 31 мамыр - Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне орай “Сарайшық” мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы Тұщықұдық ауылы, Нариман Үлкенбайұлы атындағы мәдениет үйінде “КСРО-дағы қуғын-сүргін: Прорва және Астрахань лагерлері (1932-1950 жж.)” атты көрме өткізді. Прорва еңбекпен-түзеу лагері 1932 жылдың 5 қыркүйегінде Каспий теңізіндегі Прорва аралында (Қазіргі Атырау облысы, Жылыой ауданының аумағында) құрылып, 1950 жылдың ақпанында жабылды. Көрмеде Ресей Федерациясы Мемлекеттік архиві, Ресей Федерациясы Астрахань облысы Ішкі Істер Министрлігі Басқармасы Ақпараттық орталығы, Атырау облысының Полиция департаменті Арнайы мемлекеттік архиві, Атырау облыстық мемлекеттік архивінен табылған тарихи құжаттар, сонымен бірге, Прорва-Астрахань лагерлері орналасқан жеріне «Сарайшық-Прорва-Бұрыншық-Құлсары-Атырау-Сарайшық» зерттеу экспедициясы нәтижесінде табылған жәдігерлерді жұртшылық назарына ұсынылды.

 

 

Жұмыс кестесі

Дүйсенбі/Жексенбі: 09:00-18:30

Түскі үзіліссіз/демалыссыз

Кері байланыс

Тел/факс: +7 702 059 7858

E-mail: museumsaraishik@mail.ru