Нашар көретіндерге арналған нұсқа:
SaraishyQ
Ортағасырлық Сарайшық – Қазақ елінің астанасы
«Сарайшық» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы» РМҚК

«Жиембет жырау: тарихи тұлға және рухани мұра» республикалық ғылыми-практикалық конференциясы өтті

«Жиембет жырау: тарихи тұлға және рухани мұра» республикалық ғылыми-практикалық конференциясы өтті

2026 жылғы 8 қазанда Х. Досмұхамедов атындағы Атырау университетінде «Жиембет жырау: тарихи тұлға және рухани мұра» атты республикалық ғылыми-практикалық конференция өтті. Іс-шара барысында Жиембет жыраудың Қазақ хандығы тарихындағы орны, жыраулық дәстүрдегі ерекшелігі, әдеби мұрасы мен рухани құндылықтарды дәріптеудегі маңызы туралы өзекті мәселелер талқыланды.

Конференцияның пленарлық мәжілісінде «Сарайшық» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының директоры, тарих ғылымдарының докторы, профессор Әбілсейіт Қапизұлы Мұқтар «Жиембет жырау тарихының кейбір мәселелері» тақырыбында баяндама жасап, Жиембет жыраудың тарихи тұлғасы мен мұрасына қатысты бірқатар маңызды мәселелерді ортаға салды.