Сарайшық-Үргеніш экспедициясы мүшелері Бейнеуде

Маңғыстау облысы Бейнеу аудандық “Рауан” қоғамдық саяси газетінің 2022 жылғы 7 маусымдағы №21 санында “Сарайшық” музей-қорығының Сарайшық-Үргеніш қалалары аралығындағы көне керуен жолын ғылыми зерттеу экспедициясы туралы мақала жарияланды. Журналист Қартбай Қожаев “Экспедиция мүшелері – Бейнеуде” атты мақаласында музей-қорықтың Алтын Орда, Ұлы Жібек жолы туралы зерттеулерін атап өтеді.




