Нашар көретіндерге арналған нұсқа:
SaraishyQ
Ортағасырлық Сарайшық – Қазақ елінің астанасы
«Сарайшық» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы» РМҚК

“Сарайшық” музей-қорығының атқарған жұмыстарына оң баға берілді

“Сарайшық” музей-қорығының атқарған жұмыстарына оң баға берілді

Ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы, Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің профессоры Болат Мұхамбетов “Сарайшық” музей-қорығының Ғылыми кеңес отырысына қатысып, одан алған әсерімен “Сарайшық” республикалық әдеби-мәдени, тарихи-танымдық журналының 2022 жылғы ақпан айындағы #2(15) санында “Қазақтың тұңғыш астанасы?…” атты мақаласында жариялады. Мақаласында “Сарайшық” музейінің қазақ руханиятының бірден-бір нәрлі ошағына айналып келе жатқанына біз, осы ауылдың байырғы тұрғындары бек ризамыз” деп ризашылығын білдірсе, “Сарайшық” музейінің жұмысы интернет желісі арқылы көпшілікке жарияланып отыруы, музей қызметкерлері өз жұмыстарын, ештеңеден қорықпай, қаймықпай, елге ашық жариялауы- ол жүректіліктің, естіліктің және де аса зор мәдениетті ғылыми ортада тәрбиелегендіктің бірден-бір жарқын көрінісі”, сондай-ақ “Музей қызметкерлерінің мақалаларының дәрежесі жоғары, халықаралық “Скопус” және “Томсон Рейтер” базаларына кіретін журналдарда жариялануда. Ұжым қызметкерлері конкурстарға, гранттық жобаларға үздіксіз қатысып, екі грант ұтып алған екен. Біле білгенге бұл -ғалымдардың ғылыми әлеуетінің жоғары екенін әлемге айшықтап тұрғанының дәлелі” деп музей-қорықтың жүргізіп жатырған жұмыстарын жоғары бағалады.