«Сарайшық оқулары – 2023» республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті
2023 жылы 17 мамырда ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Мәдениет комитетінің «Сарайшық» мемлекеттік тарихи-мәдени музей қорығы» РМҚК ұйымдастыруымен «Сарайшық оқулары – 2023» республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өткізілді.
Конференцияның алғы сөзін «Сарайшық» музей-қорығының директоры, т.ғ.д., профессор Ә.Қ. Мұқтар алып, конференцияның сәтті өтуіне лебізін білдірді. Конференцияның пленарлық мәжілісінде Ш.Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының бас ғылыми қызметкері, тарих ғылымдарының докторы Тоқтабай Ахмет Уәлханұлы «Сарайшық аңыздары және тарихи шындық», С.Баишев атындағы Ақтөбе университетінің профессоры, филология ғылымдарының докторы Асанов Жұманазар «Қалу, Сары – Мұса бидің ұрпақтары», өлкетанушы Ауелбаев Сәтқали «Қалабасы – ортағасырлық Сарайшықтың бастауы», Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің қауымдастырылған профессоры, философия ғылымдарының докторы Бекежан Өмірбек Қадырханұлы «Сарайшық және Алтын Орданың діни жағдайы», Х. Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің профессоры, тарих ғылымдарының кандидаты Жұмабаева Жұмазия Кенжебайқызы «XVI-XIX ғғ. Солтүстік Каспий өңіріндегі этно-саяси процестер және Сарайшық», Х. Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің профессоры, тарих ғылымдарының докторы Ахметова Улжан Төлегенқызы «Сарайшық-Үргеніш-Сарайшық көне керуен жолдар мен керуен сарайлар ізімен (ғылыми-зерттеу экспедициясы жұмысының нәтижелері)» тақырыптарында тың баяндамалар жасады.
