«Сарайшық» музей-қорығы Scopus журналдарында
«Сарайшық» тарихи-мәдени музей-қорығы ғылыми зерттеулерін ҚР Мәдениет және ақпарат, ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігімен қатар жүргізуде. Ғылыми зерттеулер нәтижесінде жаңадан Жошы Ұлысы тарихына қатысты 10 аса елді мекендер, Қарағайлы, Ащысай қалашықтары, Күліш керуен-сарайы орындары ашылды, 2 ұжымдық монография, 1 архив материалдары жинағы, 1 кітап, 5 мақала Scopus базасындағы журналдарда жарияланды, ортағасырлық Сарайшық аумағында 1400 м2 жерде қазба жұмыстары жүргізілді.
Айта кетейік, соңғы 5 жылда музей-қорық ғалымдары 3 гранттық қаржыландыру, 1 бағдарламалы-нысаналы қаржыландыру бойынша ғылыми зерттеулерін сәтті аяқтады. Жақында 2023-2025 жылдарға арналған бағдарламалы-нысаналы қаржыландыру бойынша тағы бір бағдарламаны ұтып алды.
