Облыстық суретшілер байқауы
2024 жылғы 11 қаңтар күні «Жайық шұғыласы» Махамбет аудандық қоғамдық-саяси газетінің кезекті №2 (6627) санында А. Текебайдың «Буырқанған бояулар әлемінде» атты мақаласы жарық көрді. Мақалада әңгімеленген Махамбет Өтемісұлының 220 жылдығына орай өткен «Ұлы арман» облыстық суретшілер байқауына қатынасып, үздік өнер көрсеткені үшін «Сарайшық» музей-қорығының суретші-қалпына келірушісі Отарбай Кендір бас жүлдемен марапатталды.




