«Музейге сый» акциясы
Өлке тарихын зерттеуде атсалысқан Шеген Неталиев «Музейге сый» акциясы аясында «Сарайшық» музей-қорығына темір үтік, көсеу, таразы, кір тасы, жастықағаш секілді жәдігерлер мен аңшылық кезінде тапқан екі олжасы қасқырдың терілерін табыстады. Сонымен қатар, Аққыстау ауданының тұрғыны, қолөнерші Есполай Қуатов ақсақалдың қолынан шыққан дойыр қамшысын музейге сыйға тартуға дәнекер болды. Қазіргі таңда аталмыш жәдігерлер «Сарайшық» этногафиялық музейінде өз орнын тапты.
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |



