МЕМЛЕКЕТТІК САТЫП АЛУ БОЙЫНША СЕМИНАР

«Сарайшық» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының мемлекеттік сатып алу маманы М. Лекерова 2026 жылғы 16–17 қараша күндері Атырау қаласында мемлекеттік сатып алу саласындағы өзекті мәселелерге арналған семинарға қатысты.
Семинар қорытындысы бойынша М. Лекерова 18 академиялық сағаттық оқу бағдарламасын аяқтап, тиісті сертификат иеленді.




