Нашар көретіндерге арналған нұсқа:
SaraishyQ
Ортағасырлық Сарайшық – Қазақ елінің астанасы
«Сарайшық» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы» РМҚК
Көрме12.03.2025

«Алтын Орда (Жошы Ұлысы) кезеңінің тарихи-мәдени мұрасы» көрмесі

«Алтын Орда (Жошы Ұлысы) кезеңінің тарихи-мәдени мұрасы» көрмесі

2025 жылдың 11 наурызында “Сарайшық” мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының «Алтын Орда (Жошы Ұлысы) кезеңінің тарихи-мәдени мұрасы» көрмесі “Атамекен” тарихи-мәдени орталығында өтті. Көрменің мақсаты – Қазақстанды Алтын Орда (Жошы ұлысы) империясының мұрагері ретінде және сол кезеңнің бай тарихи-мәдени мұрасын сақтап отырған мемлекет ретінде өз елімізде және халықаралық аренада таныту, Қазақстан тарихи-мәдени мұрасының маңыздылығын дәріптеу. Көрмеде Алтын Орда дәуіріне тәң ерекше жәдігерлері қойылған.