Бос жұмыс орындар
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Мәдениет комитетінің «Сарайшық» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы» РМҚК лауазымдардың бос орындарына конкурс өткізу туралы хабарлама
Атырау облысы, Махамбет ауданы, Сарайшық ауылы, Мырзағали Қазірет 11, анықтама үшін телефон: 8(71236) 2-55-06, 8(702) 059-78-58, электрондық почта: museumsaraishik@mail.ru төмендегі лауазымдардың бос орындарына конкурс жариялайды:
Аға ғылыми қызметкер – 1
Бiлiктiлiкке қойылатын талаптар:
- кадрларды даярлаудың тиісті бағыты бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) бiлiм және мамандық бойынша жұмыс тәжiрибесi кемiнде 5 жыл, өнертабыс пен ғылыми еңбектерге авторлық куәлiк қағаздарының бар болуы, ғылыми дәрежесі болған жағдайда жұмыс өтіліне талаптар қойылмайды.
Археолог – 1
Біліктілікке қойылатын талаптар:
- өнер және гуманитарлық ғылымдар (тарих, археология және этнология, музей ісі және ескерткіштерді қорғау) кадрларды дайындау бағыттары бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және мамандығы бойынша 5 жылдан кем емес жұмыс өтілі.
