Нашар көретіндерге арналған нұсқа:
SaraishyQ
Ортағасырлық Сарайшық – Қазақ елінің астанасы
«Сарайшық» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы» РМҚК

“Музейге сый” акциясы жалғасын табуда

“Музейге сый” акциясы жалғасын табуда

2019 жылдан бастап «Сарайшық» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы» «Музейге сый» акциясын өткізуде. Бұл шара облыс көлемінде жалғасын тапты. Сарайшық музей-қорығының қорын ел тарихына қатысты құнды жәдігерлермен толықтыруда үлестерін қосып, белсене қатысқан жерлестерімізге алғысымызды білдіреміз.

2019 жылы

З.Қайрошева – тері алашасы мен қылыш;

Ж.Мұқанов – кебеже;

М.Уалиева – XIX ғасырдың құран кітабы;

Н.Бисенбаев – домбыра;

О.Кендір – Сарайшық қалашығы және Махамбет бабамызға қатысты 4 туындысы;

Қ.Бляшева – жастық ағаш;

Р.Темиров – кебеже;

Қ.Амиров – кестелі орамал мен қолдорба;

Ж.Шағаев – XX ғасырдың арбасы;

Р.Үмбетов – арбаның дөнгелегі;

Ж.Мұхитова – сеңсең бөрік;

Кенжеғалиева – бальзамның ыдысы және каури тасы;

І.Сабиров – мосы, көсеу, шөген;

Е.Құспанғалиев – кісен;

Ж.Алпысбаев – қола айна, сүйек бұйымдар:

В.Гиркин – мыс ыдыс.

2020 жылы

М.Жаманбалиева – келі,қайыс;

Е.Құспанғалиев – кісен мен балтаның басы;

М.Досқариева – 2 дана қыш құмыра;

Ж.Молдашев – құлып пен есік тұтқасы;

Т.Алпысбаев 1940 жылғы латын аріппен басылған <Абай Құнанбаев.Толық нұсқа> кітабы;

Н.Жексенбаев – самаурын, примус және иін ағаш;

Ұ.Ахметова – бесік;

Р.Сабыров – өзінің жеке коллекциясын 95 дана жәдігер;

А.Молдағалиева – XX ғасырдығы үлдірік;

Ш.Неталиев – темір үтік пен көсеу;

А.Жұмабаев – үзеңгі, 27 дана ауға байлайтын ауырлатқыш, сепаратор;

А.Тұрарұлы -114 дана кремнийден жасалған құралдар, 3 дана керамикалық құбыр;

Б.Мұратова – көне жез құман

2021 жылы

Б.Миянов – триптих;

Г.Крим – триптих;

Ғ.Жумашев – сандық;

Т.Кисметов – гобилен;

Т.Елтезерова – текемет;

Г.Молдашева – құран;

С.Мұқалов – фляга, пышақ;

Ж.Байғалиев – ши.

🏺🏺Болашақта да осы акцияға атсалысып, көненің көзі-отбасылық құндылықтарыңызбен бөлісулеріңізді сұраймыз.

🏺«Музейге сый» акциясына қатысушыларға ескертпе:

✅Қазір Сіздің отбасы үшін қымбат, көненің көзі болып отырған затыңыз музейде ұлттық құндылыққа айналып, қалың көпшілікке таныстырылатын болады. Бастысы қандай да бір зат тапсырсаңыз, ол мұқият хатталып, оның тарихы жазылады. Сіз берген зат еш уақытта жоғалмайтынына, бұзылмай сақталатынына сенім білдіреміз. Бұл тәртіпті музей қызметкерлері заңды түрде бұлжытпай орындайды.