Сарайшық музей-қорығы Алтын Орда тарихына арналған халықаралық конференцияға қатысты

Бүгін Алматы қаласында Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті «Алтын Орда: өркениеттер тоғысында» атты Алтын Орданың құрылғанына 750 жыл толуына арналған халықаралық ғылыми-теориялық конференциясы өтті.
Конференция барысында “Сарайшық” музей-қорығының директоры, тарих ғылымдарының докторы, профессор Ә.Мұқтар “Алтын Ордалық Сарайшық ортағасырлық тарихи деректерде” тақырыбымен қатысты. Сонымен бірге, конференция жұмысында Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ басқарма төрағасы-ректор Ж.Түймебаев кіріспе сөз, Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының директоры, т.ғ.д., профессор З.Қабылдинов құттықтау сөз сөйлесе, белгілі тарихшы ғалымдар – Б.Көмеков, Мемлекет тарихы институтының директоры Б.Аяған, Т.Омарбеков, Б.Кәрібаев, Назарбаев Университетінің профессоры Юлай Шамильоглу, Гарвард университетінің профессоры Н.Кенжеахмет, тарихшы-реставратор Татьяна Крупа (Украина), Невшехир Хаджи Бекташ Вели университетінен (Түркия) PhD Кубилай Атик, Сегед университетінен (Венгрия) Джихан Шимшек және басқа да ғалымдар пленарлық мәжілісте баяндама жасады.




