Нашар көретіндерге арналған нұсқа:
SaraishyQ
Ортағасырлық Сарайшық – Қазақ елінің астанасы
«Сарайшық» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы» РМҚК

“Мирас” ҚК отырысында Сарайшық мәселесі қозғалды

“Мирас” ҚК отырысында Сарайшық мәселесі қозғалды

17 маусымда Атырау облыстық мәслихатының төрағасы Ә. Нәутиевтің басшылығымен «Nur Otan» партиясы Атырау облыстық филиалы жанындағы «Miras» қоғамдық кеңесінің отырысы өтті.

Отырыста Атырау облысындағы тарихи және қасиетті орындар – Сарайшық, Ақтөбе-Лаэти, Таскешу керуен сарайы, Миялы және Құдайберген обаларында жүргізіліп жатқан қазба жұмыстары талқыға салынды. Жиын барысында «Сарайшық» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы РМҚК директоры Ә. Мұқтар ортағасырлық Сарайшық тарихи ескерткіші орнындағы қазба жұмыстарына, оның мәселелеріне және алдағы уақытта назар аударар тұстарына жете тоқталды.