Нашар көретіндерге арналған нұсқа:
SaraishyQ
Ортағасырлық Сарайшық – Қазақ елінің астанасы
«Сарайшық» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы» РМҚК

Қазақстан халқының бірлігі күні құтты болсын

Бүгінгі Қазақстан халқының бірлігі күні бейбіт тұрмыс кешіп отырған ел тұрғындары үшін ыстық ықылас пен достық ниеттің дәстүрі, асыға күтер мейрамы. Бұл күн – әрбір қазақстандық үшін Отанға деген сүйіспеншілік пен патриоттық сезімнің, азаматтық борыш пен жалпы ұлттық келісімнің мерекесі.

Осыған орай, «Сарайшық» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы ұжымы баршаңызды татулық пен келісімнің нұрына бөленген 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесімен шын жүректен құттықтайды! Бұл мереке барлық ұлт өкілдерінің ынтымақтастығы мен достығының, бейбіт өмірдің рәмізі. 1 мамыр мерекесімен шын жүректен құттықтай отырып, зор денсаулық, отбасыларыңызға құт-береке, бақыт тілейміз.

ҚР Мәдениет және спорт министрлігі

Министерство культуры спорта РК