Нашар көретіндерге арналған нұсқа:
SaraishyQ
Ортағасырлық Сарайшық – Қазақ елінің астанасы
«Сарайшық» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы» РМҚК

Түркістан қаласында қазақ хандары мемориалы құрылысына байланысты жиын өтті

Түркістан қаласында қазақ хандары мемориалы құрылысына байланысты жиын өтті

2021 жылы 29 сәуірде Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжановтың басшылығымен «Түркістан қаласындағы қазақ хандары мемориалы» мәселесіне байланысты арнайы онлайн жиын өтті. Қаралған басты мәселе Түркістанда жерленген тарихи тұлғалардың туған, өмірден өткен жылдарын, ел басқарған кезеңдерін нақтылау және оларды мемориалға дайындау болды. Жиынға ҚР Мәдениет және спорт министрі А. Райымқұлова, ҚР Білім және ғылым министрі А. Аймағамбетов, вице министр Н.М. Дауешов, ҚР ҰҒА академигі т.ғ.д., профессор Б. Көмеков, ҚР ҰҒА академигі т.ғ.д., профессор Б. Кәрібай, т.ғ.д., профессор М. Абусейтова, т.ғ.д., профессор Б.Аяған, т.ғ.д., т.ғ.д., профессор Ж. Таймағамбетов, т.ғ.д., профессор Ә. Мұқтар, т.ғ.д. У. Ахметова, т.ғ.д., профессор З.Кабулдинов, т.ғ.к., профессор А. Исин т.б. қатысты. Сарайшық музей қорығы директоры, қазақ хандығы тарихының маманы т.ғ.д., профессор Ә.Мұқтар «…қойылатын 21 тақтаға Қазақ хандығының Түркістанда жерленген Аға хандар – Есім хан, Жәңгір хан, Тәуке хан, Болат хан, Қайып хан, Әбілмәмбет хан, Абылай хан, жүз хандарынан Жолбарыс, Сәмеке хандарды, би батырлардан Қазыбек биді, Шақшақ Жәнібек, Қанжығалы Бөгенбей батырларды және барша қазақ мойындаған тұлғаларды енгізуді, оларды нақтылау үшін Тарих институты немесе Қазақ Ұлттық Университетіне тапсыруды ұсынды».