Нашар көретіндерге арналған нұсқа:
SaraishyQ
Ортағасырлық Сарайшық – Қазақ елінің астанасы
«Сарайшық» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы» РМҚК

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтында ғылыми-әдістемелік онлайн семинар өтті

Бүгін, Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты «Дала қоғамындағы саяси көшбасшылар: теориялық және тарихнамалық шолу» тақырыбында республикалық ғылыми-әдістемелік онлайн семинар өткізді.

Семинар жұмысына профессор Әбілсейіт Мұқтар және профессор Ұлжан Ахметова қатынасып, Қазақ хандығы дәуіріндегі тарихи тұлғаларды зерттеу және оның теориялық-әдіснамалық мәселелеріне назар аударды. Ә. Мұқтар Қазақ хандығы тарихын ұлттық тұрғыдан біртұтас жазу, хандықтағы тұлғалар рөлін және олардың қоғамдық-саяси қызметіндегі ақтаңдықтарды көтерсе, Ұлжан Төлегенқызы Арынғазы хан тарихын архивтік деректер негізінде жаңаша пайымдады. Семинарға еліміздің белді ғалымдары, профессор Клара Хафизова, профессор Меруерт Абусеитова, профессор Гүлбану Ізбасарова тағы да басқалар қатысты.