Ғылыми Кеңес туралы арнайы ақпарат

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың “Тәуелсіздік бәрінен қымбат” мақаласында Наурыз мейрамын өткізу тұжырымдамасына тың көзқараспен қарау, айтулы мерекенің мазмұнын байыту туралы ой қозғалған болатын.
Осыған орай 17 наурыз – “Тарихқа тағзым” күні ретінде белгіленді. Атаулы шара аясында “Сарайшық” мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығында зиялы қауым өкілдерімен кеңес өтіп, ол туралы Махамбет аудандық “Жайық шұғыласы” газеті 19 наурыздағы №11 санында “Сарайшықта зиялылар бас қосқанда…” тақырыбымен мақала жариялады.




