17 наурыз – “Тарихқа тағзым” күні
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың “Тәуелсіздік бәрінен қымбат” мақаласында Наурыз мейрамының өткізу тұжырымдамасына тың көзқараспен қарап, айтулы мерекенің мазмұнын байыту туралы ой қозғады. Осыған байланысты ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Ұлыстың Ұлы күні Наурыз мерекесін тойлауға қатысты арнайы тұжырымдама дайындаған болатын. Аталған тұжырымдама бойынша «Тарихқа тағзым» күніне орай “Сарайшық” мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы қызметкері Ж.Байғалиев музей-қорыққа келген Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті студенттерімен Сарайшықтың болашағы және оның жастар арасында дәріптелуі туралы пікірталас ұйымдастырды.




