Қазақ тарихының көптомдық басылымын әзірлеу бойынша семинар-кеңес болып өтті

17 наурызда “Сарайшық” мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының директоры, т.ғ.д., профессор Ә.Қ. Мұқтар Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты ұйымдастыруымен өткен ҚР Президенті Қ.К. Тоқаевтың “Тәуелсіздік бәрінен қымбат” мақаласы міндеттерін жүзеге асыру аясында Көптомды академиялық басылымды әзірлеу және жазу мәселелері бойынша республикалық онлайн методологиялық семинар-кеңеске қатысып, Қазақ хандығының тарихын жаңаша жазу туралы баяндама жасады. Ғалым 1465 жылдан басталатын Қазақ хандығын бөлшектемей, біртұтас тарихын жазуды ұсынды.




