Нашар көретіндерге арналған нұсқа:
SaraishyQ
Ортағасырлық Сарайшық – Қазақ елінің астанасы
«Сарайшық» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы» РМҚК

Жыр алыбы Жамбыл Жабаев 175 жылдығына арнап сұхбат ұйымдастырылды

«Сарайшық» мемлекеттік тарихи-мәдени музей қорығы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығымен қатар 175 жылдығы тойланып жатқан халық поэзиясының әйгілі тұлғасы, өлең сөздің дүлдүлі, айтыс өнерінде өлшеусіз із қалдырған Жамбыл Жабаевтың мерейтойына арнап Алматы облысы Жамбыл ауданы Жамбыл ауылындағы жыр алыбының әдеби-мемориалдық музейінің меңгерушісі Салтанат Жамбыловамен тікелей эфирде сұхбат ұйымдастырды. «Сарайшық» музей-қорығы басшысының орынбасары Айбек Тұрарұлы әріптестерімізді жыр алыбы Жамбыл атамыздың мерейтойына орай ұйымдастырылып отырған шараны қолдағандары үшін алғыс білдіріп, «Сарайшық» музейінің жоспарланған жұмыстарын атап өтті. Сонымен қатар, музейлер өзара тікелей эфирде көрме залдарына экскурсия ұйымдастырды. Ұлы тұлғаның өз қолымен ұстап-тұтқан дүниелері – домбырасы, шапаны, кебісі, марапаттарымен танысты. «Сарайшық» музейі алматылық әріптестерін қала тарихымен, жәдігерлермен таныстырды.