Нашар көретіндерге арналған нұсқа:
SaraishyQ
Ортағасырлық Сарайшық – Қазақ елінің астанасы
«Сарайшық» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы» РМҚК

Ғылыми зерттеулер Ақтөбе қаласында жалғасын тапты

“Сарайшық” музей-қорығының бас инспекторы Амангелді Жұмабаев қазіргі күнде Ақтөбе қаласында, Ақтөбе облысы мемлекеттік архивінде зерттеу ізденіс жұмыстарымен айналысуда. 2020 жылы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі жариялаған конкурста ұтқан «ГУЛАГ жүйесіндегі Прорва және Астрахань лагерлері: «тарих, естелік, тағылым (1932-1950 жж.)» жобасы (жетекші т.ғ.д., профессор Ұлжан Төлегенқызы Ахметова) аясында Прорва-Астрахань тұтқындар лагерлері тарихына қатысты құжаттар зерттелуде.