“Музей FEST” жобасы аясында музейге оқушылар келді

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойын атап өтуге арналған “Музей FEST” жобасы аясында Атырау қаласындағы №6 М.Мөңкеұлы атындағы орта мектеп оқушылары музейге саяхаттап келді. Саяхат барысында оқушыларға “Мен саған музейді көрсетемін” бағдарламасымен Сарайшық қаласының тарихы баяндалып, танымдық ойындар ойнатылды.




