“Сарайшық” музей-қорығы ғалымдары республикалық методологиялық семинарға қатысты

“Сарайшық” мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының ғалымдары мен ғылыми қызметкерлері Ә.Мұқтар, А.Тұрарұлы, Ж.Диярова және А.Жұмабаев Ш.Уәлиханов атындағы тарих және этнология институты ұйымдастырған “7 томдық Қазақстан тарихы” академиялық басылымын даярлау және жазу мәселелері бойынша республикалық методологиялық семинарға қатысты. Тақырыпқа қатысты ой-ұсыныстарды тиісті мекемеге жіберді.




