Мектеп оқушыларына Сарайшық туралы дәріс оқылды
2021 жылғы 10 ақпанда “Сарайшық” мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының инспекторы Жүніс Байғалиев оқушылардың өлке тарихына деген қызығушылығын арттыру мақсатында М.Отаралиев атындағы орта мектептің оқушыларына ортағасырлық Сарайшық қаласының тарихы, археологиялық зерттеулері және аңыз-әңгімелер туралы онлайн дәріс оқыды. Сонымен қатар, музей-қорық ұйымдастырған “Жас археолог” үйірмесі жайлы ақпарат берді. Ұстаздар мен оқушылар дәріске белсенді қатысып, өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алды.




