Кәсіподақ мүшелерінің отырысы болып өтті

2021 жылғы 5 ақпанда Қазақстандық салалық мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлерінің кәсіптік одағы қоғамдық бірлестігінің Атырау облыстық филиалында Кәсіподақ мүшелерінің кезекті отырысы өтті. Осы жиынға “Сарайшық” музей-қорығының кәсіподақ ұйымының төрайымы Н.Т. Нұғманова қатысты. Күн тәртібінде атқарылған және 2021 жылға жоспарланған іс-шаралар жөнінде, бастауыш кәсіподақ ұйымы арасындағы байланыстарды жолға қою мәселелері қаралды.




