Музей-қорықтың ардагері Молдаш Бердімұратов
«Сарайшық» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы «Қазақстанда туризмді дамытудың Құрметті қызметкері», «Махамбет ауданының Құрметті азаматы» марапаттарының иегері, музей ардагері Молдаш Бердімұратовты Жаңа жыл мерекесімен құттықтайды.
1936 жылы Махамбет ауданында, Алға селосында дүниеге келген Молдаш Бердімұратов Гурьевтің пединститутын қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі мамандығы бойынша 1962 жылы бітіргеннен кейін еңбек жолын әуелі мектепте бастады. 1999 жылы «Хан Ордалы Сарайшық» музей қорығы ашылған сәтте, мәдениет саласына ауысты. Оның еңбек өтілі 50 жылдай болса, соның 20 жылын музей ісіне арнады. Әсіресе, 20 жылға жуық «Хан Ордалы Сарайшық» музей қорығына басшылық етті. Музей саласында ұзақ жыл қажырлы еңбек етіп, өмірінің саналы ғұмырын өткен мен бүгінгі күннің тарихын жалғастыруда, оны кейінгі ұрпаққа таратуда, музей ісін жетілдіруге арнады.




