Нашар көретіндерге арналған нұсқа:
SaraishyQ
Ортағасырлық Сарайшық – Қазақ елінің астанасы
«Сарайшық» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы» РМҚК

Жыл соңында қабылданған жәдігерлер

«Сарайшық» мемлекеттік тарихи-мәдени музей қорығының өкілдері Атырау тарихи-өлкетану музейінің ұйымдастыруымен биылғы жылы 10 желтоқсанда ресейлік «Переправа» іздестіру-зерттеу жасағының арқасында сүйегі табылып, Отанына жеткізілген Ұлы Отан соғысының жауынгері Мұқалов Сапарғали Ербатырұлының жиендері Үмбетияров Марат Қуанышұлы, Құспанғалиев Баянғали және Алтай Қойшығалиұлдарымен кездесуге қатынасты. Мұқалов Сапарғали Ербатырұлы 1920 жылы Сарайшық ауылында дүниеге келген. 1940 жылы Чита қаласына әскер қатарына шақырылған. 1941 жылы Сапарғали Ербатырұлы 16-шы Армия құрамында болған 5-ші механикаландырған корпустың 13-ші танк дивизиясында жауға қарсы соғысқан. Сол жылы 21 жастағы жауынгер Смоленск үшін болған шайқаста қаза тапқан. 2020 жылы 28 қазанда Смоленск облысының Кардымовский ауданында Максимова Наталья Геннадьевна басқаратын «Переправа» іздестіру-зерттеу жасағы жауынгер сүйегін тауып, медальонындағы «ҚазақКСР Гурьев облысы, Баксай ауданы, Сарайшық ауылы Ербатырова Рахимаға жіберсін» деген анасына арналған жазба бойынша ұрпақтарын тауып, атамыздың елге оралуына себепші болды. Батырдың ұрпақтары жауынгердің жанында болған құрал-саймандарын Атырау және Сарайшық музейлеріне сыйға тартып, құжаттарының көшірмелерін берді.