Нашар көретіндерге арналған нұсқа:
SaraishyQ
Ортағасырлық Сарайшық – Қазақ елінің астанасы
«Сарайшық» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы» РМҚК

Сарайшық музей-қорығы Амантай Исинді құттықтады

Сарайшық музей-қорығы ұжымы белгілі ноғайтанушы, т.ғ.к., профессор Амантай Исаұлы Исинді туған күнімен шын жүректен құттықтайды.

Сарайшық музей-қорығы республикалық мекеме болып қайта құрылғаннан бері Амантай Исаұлы музей-қорықтың ғылыми-зерттеу жұмысына белсенді түрде көмектесіп келеді. Музей-қорық ұжымы ғалымға зор денсаулық, ұзақ ғұмыр және еліміздің ғылым жолын алға жетелей беруді тілейді.