Нашар көретіндерге арналған нұсқа:
SaraishyQ
Ортағасырлық Сарайшық – Қазақ елінің астанасы
«Сарайшық» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы» РМҚК

Ғылыми Кеңес отырысы өтті

9 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі «Сарайшық» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының кезекті Ғылыми кеңесі өтті.

Ғылыми кеңеске Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің профессорлары т.ғ.д., Л.Бердіғожин, т.ғ.д. Ұ.Ахметова, т.ғ.д., А.Ахмет, т.ғ.к. Ж.Мұстафин, т.ғ.к. Қ.Сүндетұлы, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, ҚР Үздік өлкетанушысы Т.Жаңабай, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, ҚР ЖҒА-ның академигі, өлкетанушы Ө.Әлімгерей, ауыл ақсақалдары Ғ.Шұғайыпов, Е.Есекенов, №1 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығының директоры Г.Зинеденова және музей-қорық қызметкерлері қатысты. Кеңесте музей-қорықты туризм аймағына айналдыру және оның келешегі, ортағасырлық Сарайшықтағы археологиялық және реставрациялық жұмыстар нәтижелері, ғылыми бағыттағы жұмыстар және оның нәтижелері туралы есептер тыңдалды.

Сондай-ақ, музей-қорықтың «Сарайшық жәдігерлері» және «Ортағасырлық Сарайшық аумағындағы тарихи ескерткіштер» атты ғылыми еңбектерін айтылған толықтырулар мен түзетулерден кейін жарыққа шығару Кеңес мүшелері тарапынан қолдау тапты.