Нашар көретіндерге арналған нұсқа:
SaraishyQ
Ортағасырлық Сарайшық – Қазақ елінің астанасы
«Сарайшық» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы» РМҚК

Қазба аймағы бақылаудан өтті

Қазба аймағы бақылаудан өтті

Ортағасырлық Сарайшық қаласы ескерткіші орнында 2020 жылғы тамыз-қараша айлары аралығында “Қазархеология” ЖШС археологиялық нысандарды қайта қалпына келтіру жұмыстарымен айналысты. Осы жұмыстар нәтижесінде 14 тұрғын үй-жай бөлмелері мен 1 кесенеге қалпына келтіру, жөндеу жұмыстары жүргізілді. 23 қарашада осы нысандарды Мәдениет және спорт министрінің бұйрығымен құрылған қабылдау комиссиясы тексерістен өткізді. Комиссия құрамында министрліктің бас сарапшысы Д.Сүйіндіков, “Адалдық алаңы” жобалық кеңсесінің жетекшісі М.Қамзолдаев, “Қазқайтажаңарту” мекемесінің өкілі М.Аралбаева және т.б. мамандар мен уәкілетті орган өкілдері болды. Жалпы жұмыс нәтижесіне оң баға берілді.