Нашар көретіндерге арналған нұсқа:
SaraishyQ
Ортағасырлық Сарайшық – Қазақ елінің астанасы
«Сарайшық» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы» РМҚК

Сарайшықта маңызды кездесу өтті

2020 жылы 23 қарашада «Сарайшық» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының ұжымымен ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің «Adaldyq alańy» жобалық кеңсесінің жетекшісі Қамзолдаев Марат Болысбекұлы кездесті. Кездесу барысында музей-қорық директоры Ә.Мұқтар министрлік атынан келген өкілдерді ұжымға таныстырып, музей-қорықтың алдындағы мақсат-міндеттерімен, алдағы жұмыс жоспарларымен таныстырды. Марат Болысбекұлы «Adaldyq alańy» кеңсесінің атқаратын қызметімен, оның негізгі мақсатымен ой бөлісті. Жобаның мақсаты тұрмыстық сыбайлас жемқорлықты жоюға, тұрғындар үшін қолайлы жағдай жасауға, мемлекеттік аппараттың ашықтығы мен айқындылығын қамтамасыз етуге бағытталған.