Нашар көретіндерге арналған нұсқа:
SaraishyQ
Ортағасырлық Сарайшық – Қазақ елінің астанасы
«Сарайшық» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы» РМҚК

«Сарайшық» музей-қорығының жобасы үздік деп танылды!

«Сарайшық» музей-қорығының жобасы үздік деп танылды!

Атырауда өткен «Заманауи музейлік жоба: өзекті нысандар мен әдістер» атты облыстық білім беру семинарында «Сарайшық – болашақ музейі: Инновациялық және инклюзивті тәжірибе» жобасы жоғары баға алып, «Балалармен жұмыс жүргізудегі үздік жоба» дипломымен марапатталды.

✨ Жобаның басты мақсаты:

Алтын Орда мен Қазақ хандығының астанасы болған көне Сарайшық шаһарының бай тарихын музейдің Сапар орталығындағы балалар аймағы арқылы жаңа форматта дәріптеу. Балаларға арналған интерактивті, инклюзивті және қолжетімді орта қалыптастыру.

🎨 Ерекшелігі:

Жоба аясында Сарайшық тарихын кішкентай келушілерге қызықты әрі түсінікті тілде жеткізетін бірегей боямақ кітапшалар таныстырылды. Отандық сарапшылар Ғалия Файзуллина мен Гүлдана Сафарова бұл туындының тәрбиелік мәнін атап өтіп, болашақта сатылымға шығаруды ұсынды.

«Сарайшық» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы жас ұрпақтың туған тарихқа деген қызығушылығын арттыратын тың идеяларды алдағы уақытта да жүзеге асыра береді!