Нашар көретіндерге арналған нұсқа:
SaraishyQ
Ортағасырлық Сарайшық – Қазақ елінің астанасы
«Сарайшық» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы» РМҚК

Халықаралық конференцияда Сарайшықтағы археологиялық зерттеулер таныстырылды

20 қарашада «Есік» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі Алтын адамның ашылуына – 50 жыл, қорық-музейдің құрылғанына – 10 жыл, археолог Бекен Нұрмұханбетовтың туғанына – 85 жыл толуына орай «I Есік оқулары» аясында «Алтын адам және Еуразияның дала белдеуінің көшпенділер археологиясының мәселелері» тақырыбындағы халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция ұйымдастырды. Конференцияның «Ежелгі және ерте темір дәуірі мен орта ғасырлардағы Еуразияның тарихи-мәдени мұра ескерткіштерін археологиялық және этноархеологиялық зерттеу» секциясының отырысында «Сарайшық» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының ғылыми қызметкері Айбек Тұрарұлы «2019 жылғы Сарайшықтағы археологиялық зерттеулер» тақырыбында баяндама жасады. Осы арқылы конференцияға қатысқан ғылыми қауымды Сарайшықта соңғы жылдары жүргізіліп жатқан зерттеу жұмыстарымен таныстырды. Конференцияға «Сарайшық» музей-қорығының тағы да бірнеше қызметкерлерінің мақалалары ұсынылды.