Нашар көретіндерге арналған нұсқа:
SaraishyQ
Ортағасырлық Сарайшық – Қазақ елінің астанасы
«Сарайшық» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы» РМҚК

Металл және керамикалық бұйымдарға кәсіби реставрация жұмыстары жүргізілуде

Металл және керамикалық бұйымдарға кәсіби реставрация жұмыстары жүргізілуде

«Сарайшық» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығында археологиялық қазба жұмыстары барысында табылған металл және керамикалық бұйымдарды кәсіби реставрациялау жұмыстары жүргізілуде. Музей-қорықтың суретші-реставраторы Кендір Отарбай Қанатұлы әрбір жәдігердің тарихи құндылығы мен өзіндік ерекшелігін сақтауға ерекше мән бере отырып, қалпына келтіру жұмыстарын мұқият әрі кезең-кезеңімен жүргізеді. Реставрация барысында бұйымдардың бастапқы пішіні мен құрылымын мүмкіндігінше сақтап қалуға баса назар аударылып, жәдігерлердің әрі қарай сақталуына қажетті жұмыстар атқарылады.