Нашар көретіндерге арналған нұсқа:
SaraishyQ
Ортағасырлық Сарайшық – Қазақ елінің астанасы
«Сарайшық» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы» РМҚК

Қазақстандағы тарихи моншалардың зерттелуі мен сақталуы

Бүгін «Ежелгі Тараз ескерткіштері» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының ұйымдастыруымен «Қазақстандағы тарихи моншалардың зерттелуі мен сақталуы» тақырыбында ғылыми семинар өтті.

Ғылыми семинарға «Сарайшық» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының аға ғылыми қызметкері Ж. Байғалиев қатысып, «Сарайшық қалашығындағы ортағасырлық моншалар: археологиялық зерттеулер және сақтау мәселелері» тақырыбында баяндама жасады.

Баяндама барысында Сарайшық қалашығынан анықталған ортағасырлық монша нысандарының археологиялық зерттелу тарихы, сәулеттік ерекшеліктері, құрылыс жүйесі, жылыту және су бұру элементтері, сондай-ақ оларды зерттеу мен сақтау мәселелері туралы ғылыми мәліметтер ұсынылды.

Семинар аясында Қазақстан аумағындағы тарихи моншалардың археологиялық зерттелуі, олардың тарихи-мәдени маңызы және археологиялық мұраны сақтау мен музейлендірудің өзекті мәселелері талқыланды.

Іс-шараға сондай-ақ «Сарайшық» музей-қорығының бірқатар қызметкерлері қатысып, ғылыми пікір алмасуға үлес қосты.