Атырауда «Ұлттық мұра – мәңгілік қазына» аймақтық семинары өтті
2026 жылдың 2 қазанында «Сарайшық» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының директоры, т.ғ.д., профессор Әбілсейіт Мұқтар «Ұлттық мұра – мәңгілік қазына» атты аймақтық семинарға қатысты.
«Салтанат сарайында» өткен семинардың басты мақсаты – материалдық емес мәдени мұраны қорғау, зерттеу және насихаттау. Іс-шара барысында ұлттық мұраны сақтау, тарихи-мәдени құндылықтарды дәріптеу және оларды келер ұрпаққа жеткізу мәселелері сөз болды.




