Нашар көретіндерге арналған нұсқа:
SaraishyQ
Ортағасырлық Сарайшық – Қазақ елінің астанасы
«Сарайшық» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы» РМҚК

Музей сабағы – тарихпен тағылымды кездесу

«Сарайшық» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы Қ. Қарашаұлы атындағы Сарайшық орта мектебінің 9-сынып оқушыларына арнайы музей сабағын өткізді.

Сабақтың негізгі тақырыптары – ортағасырлық Сарайшық, хандық жүйе және ақша айналымы.

Сабақ барысында оқушылар ортағасырлық Сарайшық қаласының тарихымен танысып, оның Алтын Орда дәуіріндегі маңызды саяси-экономикалық орталық ретіндегі орнын білді. Сонымен қатар хандық басқару жүйесі, хан билігінің ерекшеліктері және сол кезеңдегі ақша айналымы туралы мағлұмат алды.

Ерекше назар нумизматикалық жәдігерлерге аударылып, көне тиындардың тарихы, олардың сауда-саттықтағы маңызы мен Сарайшық қаласының экономикалық өмірінен беретін ақпараттары түсіндірілді.

Музей сабағы барысында оқушылар тарихи деректерді музей жәдігерлерімен байланыстыра отырып, Сарайшықтың ортағасырлық кезеңдегі маңызын тереңірек таныды.

Тарихты білу – өткенді тану, өткенді тану – болашақты бағалау!