Қарттар – ұлттың ұлағаты мен парасаты
Халықаралық қарттар күніне орай Атырау өңірінің ардақты аталары мен ақ жаулықты әжелері «Сарайшық» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының төріне жиналды.
Қадірлі қонақтар ортағасырлық Сарайшықтың тарихымен танысып, музей-қорықтың тарихи нысандарын аралап, көне шаһардың өткені туралы тағылымды мағлұмат алды.
Ұрпаққа өнеге, елге ақылын айтып, салт-дәстүр мен рухани құндылықтарды дәріптеп жүрген қазыналы қарттарға құрметіміз шексіз!
Қарттарымыздың ғибратты ғұмыры – кейінгі ұрпаққа баға жетпес мұра.




