Нашар көретіндерге арналған нұсқа:
SaraishyQ
Ортағасырлық Сарайшық – Қазақ елінің астанасы
«Сарайшық» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы» РМҚК

“Даналық әліппесі” кітабы таныстырылды

“Сарайшық” мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы жәдігерлермен таныстырушысы Назерке Қартанбаева Сарайшық селолық кітапхана ұжымын​ музейдің кітап қорындағы “Даналық әліппесі” және “Абайтану әліппесімен” таныстырды. Инновациялық жаңашылдық негізінде құрастырылған бұл мультимедиялық кітаптар оқырман қызығушылығын тудырып, өскелең ұрпақты ұлттық құндылығымызбен қауыштырады. Жиын соңында кітапхана ұжымы «Даналық әліппесіне» қатысты оң пікір білдіріп, меңгерушісі Маржан Симанова музей ұжымына сәттілік тілеп, алғыс​ айтты.