Сарайшықта ғылыми кездесу өтті
2026 жылдың 21 қыркүйегінде «Сарайшық» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығына Ресей Федерациясы, Татарстан Республикасының А. Халиков атындағы Археология институтының жетекші ғылыми қызметкері, тарих ғылымдарының докторы Евгений Пигарев және Ә. Марғұлан атындағы Археология институтының аға ғылыми қызметкері Денис Марыксин келді.
Ғалымдар тарихи Сарайшық қалашығындағы археологиялық қазба жұмыстарының барысымен танысып, соңғы ғылыми зерттеулер жөнінде пікір алмасты.
Кездесу барысында Сарайшықтың тарихи-археологиялық мұрасын зерттеу, сақтау және ғылыми тұрғыдан зерделеу мәселелері талқыланды.




