Сарайшыққа арналған әдістемелік құрал жарық көрді
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің Қазақстан тарихы және дүниежүзі тарихы кафедрасның профессоры, т.ғ.д. У. Ахметова, докторант С.Молдашеваның авторлығымен “Сарайшық” музей-қорығына экскурсия ұйымдастырудың ерекшеліктері атты әдістемелік нұсқаулық” жарық көрді. Нұсқаулықта музей ісін жүргізудің ғылыми-ағартушылық және тәрбие жұмыстарын жүргізудің негіздері ашылады. Бұл әдістемелік нұсқаулықта музей ісінің теориялық және практикалық мәселелеріне ерекше назар аударылады.
Әдістемелік нұсқаулық музей қызметкерлері мамандарына және ғылыми және педагогикалық мамандықтардың студенттеріне, жоғары оқу орындары мен колледждердің оқытушыларына арналған.
![]() |
![]() |





