Нашар көретіндерге арналған нұсқа:
SaraishyQ
Ортағасырлық Сарайшық – Қазақ елінің астанасы
«Сарайшық» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы» РМҚК

Алғыс білдіру

«Сарайшық» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы 12 қыркүйек күні Атырау облысында өткен «Tour de Saraishyq – 2026» республикалық велошеруінің ұйымдастырылуы мен өткізілуіне көрсеткен қолдауы үшін Атырау облысының әкімдігіне және Атырау облысының әкімі Болат Оралұлы Ақшолақовқа алғыс білдіреді.

Аталған ауқымды іс-шара өңір туризмін дамыту, туристік әлеуетін арттыру, тарихи-мәдени мұраны кеңінен насихаттау және салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылды.

Іс-шараның табысты өтуіне көрсеткен қолдауларыңыз үшін ризашылығымызды білдіре отырып, өңірдің туристік тартымдылығын арттыруға және тарихи-мәдени мұраны дәріптеуге бағытталған бірлескен жұмыстардың алдағы уақытта да нәтижелі жалғасатынына сенім білдіреміз.