Нашар көретіндерге арналған нұсқа:
SaraishyQ
Ортағасырлық Сарайшық – Қазақ елінің астанасы
«Сарайшық» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы» РМҚК

«Сарайшық – дала өркениетінің мұрасы»

🏺 «Сарайшық – дала өркениетінің мұрасы» интерактивті көрмесі өз көрерменін күтеді!
Бұл — тек тарихи жәдігерлерді тамашалау емес, дала мәдениетінің тынысын сезініп, тарихпен тікелей байланысқа түсудің ерекше мүмкіндігі.
📍 Экспозицияның 4 негізгі бағыты:
🎶 «Ауылдың алты ауызы» — дәстүрлі әуен мен ұлттық өнердің асыл қазынасы.
🪡 «Шеберлер мектебі» — киіз үй төріндегі тірі тарих пен қолөнер сырлары.
☕ «Самаурын-батл» — қайнаған самаурын, дәмді шай және қызықты сайыс.
🤲 «Ортақ бата және естелік фото» — ақ бата алып, ерекше сәттерді естелікке қалдыру мүмкіндігі.
🗓 Күні: 19 тамыз 2026 жыл
⏰ Басталуы: 10:00
🏛 Өтетін орны: «Сарайшық» этнографиялық музейі
✨ Тарихты тамашалап қана қоймай, оны сезінуге келіңіздер!