Нашар көретіндерге арналған нұсқа:
SaraishyQ
Ортағасырлық Сарайшық – Қазақ елінің астанасы
«Сарайшық» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы» РМҚК

«Ғылым және жас ғалым»

«Ғылым және жас ғалым»

«Сарайшық» музей-қорығында «Ғылым және жас ғалым» тақырыбында жастардың ғылым бағытына арналған танымдық кездесуі өтті.

Іс-шараға музей-қорықтың жас ғылыми қызметкерлері, Түркия Республикасындағы Анкара университетінің өкілдері мен Халел Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің студенттері қатысты. Кездесу барысында ғылыми зерттеулердің заманауи әдістері, Ортағасырлық Сарайшық қаласы орнында жүргізіліп жатқан ғылыми зерттеу жұмыстарының барысы, тарихи-мәдени мұраны сақтау және ғылыми зерттеулердің маңызы кеңінен талқыланды.