Нашар көретіндерге арналған нұсқа:
SaraishyQ
Ортағасырлық Сарайшық – Қазақ елінің астанасы
«Сарайшық» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы» РМҚК

Музейдің цифрлық болашағы

Музейдің цифрлық болашағы

Заманауи музей тек жәдігерлер мекені емес, ол – цифрлық технологиялар алаңы. Осы бағытта “Сарайшық” музей-қорығының мамандары да үнемі ізденіс үстінде! Музейіміздің қызметкері Әсем Шеркешбаева Астана қаласында өткен «Қазақстан Республикасы музейлерін цифрландыру және дамыту» атты халықаралық оқу бағдарламасынан сәтті өтті. Түркияның Мәдениет және туризм министрлігі, TİKA агенттігі және ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі бірлесіп ұйымдастырған бұл жобада музей ісін заман талабына сай цифрландырудың озық тәжірибелері зерттелді. 40 сағаттық маңызды курсты аяқтап, сертификат алған әріптесімізді шын жүректен құттықтаймыз! Сарайшық тарихын әлемге жаңа технологиялар арқылы танытуға бірге үлес қоса берейік!