«Жас археологтар» үйірмесінің жұмысы жалғасуда

📚 «Сарайшық» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының жылдық жұмыс жоспарына сәйкес «Жас археологтар» үйірмесінің жұмысы жазғы демалыс кезеңінде де өз жалғасын табуда.
👩🏫 Үйірме аясында музей-қорықтың ғылыми қызметкері Каримова Карина оқушыларға «Сарайшық қазбасынан табылған әйел әшекейлері: Қазақстан және шетелдік жәдігерлермен салыстырмалы талдау» тақырыбында дәріс оқыды.
💍 Дәріс барысында ортағасырлық зергерлік бұйымдардың ерекшеліктері, олардың жасалу технологиясы және өзге өңірлерден табылған ұқсас жәдігерлермен байланысы туралы кеңінен мәлімет берілді.
❓💬 Қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, жан-жақты жауаптар алды.
🏛 «Жас археологтар» үйірмесінің жұмысы алдағы уақытта да жалғасып, мектеп оқушылары мен студенттердің тарихи-мәдени мұраға деген қызығушылығын арттыруға бағытталған танымдық іс-шаралар өткізілетін болады.




