Нашар көретіндерге арналған нұсқа:
SaraishyQ
Ортағасырлық Сарайшық – Қазақ елінің астанасы
«Сарайшық» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы» РМҚК

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СЕМИНАР ӨЗ ЖҰМЫСЫН БАСТАДЫ

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СЕМИНАР ӨЗ ЖҰМЫСЫН БАСТАДЫ

2026 жылғы 22 маусымда Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі мен Түркия Республикасы Мәдениет және туризм министрлігінің бастамасымен, Түрік Ынтымақтастық және Үйлестіру агенттігінің (TİKA) қолдауымен ұйымдастырылған халықаралық «Қазақстан Республикасы музейлерін цифрландыру және дамыту» семинарының алғашқы күні басталды.

Семинардың негізгі мақсаты – музей қорларын сақтау және тиімді басқару жүйесін жетілдіру, мәдени мұраны кеңінен қолжетімді ету, заманауи цифрлық технологияларды енгізу, музей ісін халықаралық талаптарға сай дамыту және сала мамандарының кәсіби біліктілігін арттыру.

Аталған семинарға «Сарайшық» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының қор сақтаушысы Ә. Шеркешбаева қатысуда.

Бұл тағылымды шара музей саласындағы тәжірибе алмасуға, жаңа технологияларды меңгеруге және мәдени мұраны сақтау ісін одан әрі жетілдіруге мүмкіндік береді.